«Alash Pride FC - АСВ» турнирі - «Хабар» арнасында

«Alash Pride FC - АСВ» турнирі - «Хабар» арнасында

Бүгін Almaty Arena спорт кешенінде Alash Pride промоутерлік компаниясы «АСВ» промоушенімен бірлесе ұйымдастырған халықаралық ММА турнирін өтеді.

Спорт кешін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталу уақыты 23:50-де.

Бұл кештің басты жекпе-жегі Арман «Сұңқар» Оспанов  пен бразилиялық Тьяго Manchinha Луис Силва арасында өтеді. Қазақстанның ең үздік файтері, Alash Pride FC сарбазы — Арман Оспанов кәсіпқой аралас жекпе-жекте сегіз кездесуге шығып барлығында айқын жеңген. Ол әскери самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан әлем және ТМД чемпионы, әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы. Оның қарсыласы Тьяго Луис Силва (12-5) бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеудің иегері және Shooto Brasil ұйымының әлем  чемпионы.

Alash Pride – АСВ — осы күздегі ең елеулі кәсіби аралас жекпе-жек жәрмеңкесі. Бұл ММА турнирінің аясында белгілі қазақстандық спортшылар, Alash Pride FC өкілдері — Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Бахтияр Несіпбек пен легионеріміз Мурод Хантураев және Игорь Свирид айқасқа түспек. Турнирде сегізбұрышқа  жалпы 15 жұп жекпе-жекке шығады. Олар Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері.

Alash Pride – АСВ турниріне белгілі америкалық UFC рефериі — Джон Маккарти мен Херб Дин өзінің әділқазылар бригадасымен төрешілік етеді. UFC-дің үш дүркін экс-чемпионы Френк Мир тікелей эфирде аталмыш жекпе-жек кешінің комментаторы болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или