«Головкин-Альварес» бокс кешінде Олимпиаданың екі дүркін чемпионы жекпе-жекке шығады
<span style="box-sizing: border-box; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-size: 20.5084px; font-style: inherit;">16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің бокс кешінде Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Никола Адамс сынға түседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. </span>
Boxingscene.com ақпаратынша, британиялық боксшы (2-0, 1 КО) Венгрия өкілі Александра Влайкпен (11-6, 2 КО) қолғап түйістіреді.
Адамс Америкада алғаш рет жекпе-жекке шықпақ, алдыңғы екі жекпе-жегін боксшы өз отанында өткізген болатын.
34 жастағы Николаның еншісінде Олимпиада ойындарының (Лондон-2012 және Рио-2016) екі «алтыны» мен әлем (Астана-2016) және Еуропа (Роттердам-2011) чемпионы титулдары бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или