Күрес

Айбек Нұғымаров - «Әлем барысы»

Айбек Нұғымаров - «Әлем барысы»
news-banner7
mobile-news-top

Астанада өтіп жатқан «Әлем барысы» додасының финалында Айбек Нұғымаров грузия балуаны Гурам Тушашвилиді ұтты.

Айбек Нұғыманов жартылай финалда моңғолиялық балуан Серік Бердімұратты жеңіп, ақтық кезеңге өткен болатын. Ал грузиялық спортшы Гурам финалға Ержан Шынкеевті жібермей қойған.

Финалдық жекпе-жекте Айбек Нұғымаров қарсыласын таза жеңіп, «Әлем барысы» атағын жеңіп алды.

«Әлем барысының» жүлде қоры – 30 миллион теңге. Жеңімпаз атанған Айбек Нұғымаров тең жартысын иеленді. . Екінші орын алған балуан — 5 миллион, үшінші орын алған балуан 3 миллион сыйақы алады. Сондай-ақ жүлдегерлер алтын, күміс және қола белбеулермен марапатталады.

Айта кетейік, дүбірлі додада ел намысын бес балуанымыз қорғаған болатын. Атап өтсек: биылғы «Қазақстан барысы» Еламан Ерғалиев, Ержан Шынкеев, Айбек Нұғымаров, Айбат Сейтен мен Дәурен Нұралинов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер