Бүгін «ALASH РRIDE – АСВ» турнирінің қатысушылары салмақ өлшейді

Бүгін «ALASH РRIDE – АСВ» турнирінің қатысушылары салмақ өлшейді

Бүгін Алматы қаласындағы «MЕGA ALMA-ATA» ойын-сауық орталығының алдында жергілікті уақытпен 19:00-де «ALASH РRIDE – АСВ» қатысушыларының салмақ өлшеу және көз түйістіру рәсімі өтеді.  

Қазақстан, Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері өздерінің ақырғы дайындықтарын көрсетіп, қарсыластарымен алғаш рет бетпе-бет келеді. Кәсіпқой аралас жекпе-жек өнерінің бұл жәрмеңкесі келушінің көңілінен шықпақ!

«ALASH PRIDE – АСВ» - осы күздің ең елеулі ММА турнирі.  Ұйымдастырушылар: «ALASH PRIDE" промоутерлік компаниясы, «АСВ» промоушені және қолдау көрсетуші АЛМАТЫ қаласының Әкімдігі.  9-қырүйекте өтетін кештің басты жекпе-жегі АРМАН «СҰҢҚАР» ОСПАНОВ пен бразилиялық ТЬЯГО «MANCHINHA» ЛУИС СИЛВА арасында. 

Арман  кәсіпқой аралас жекпе-жекте сегіз кездесу өткізіп, барлығында  айқын жеңген. Оның қарсыласы ТьягоЛуис Силва (12-5) бразильдік джиу-джитсудан қара белбеу иегері және «Shooto Brasil» ұйымының әлем  чемпионы. Сонымен қатар, Қазақстан атынан "Alash Pride FC" өкілдері – Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Бахтияр Несіпбек пен Игорь Свирид айқасқа түспек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или