Головкин жекпе-жектеріне неліктен отбасының келмейтінін түсіндірді
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) ESPN арнасына берген сұхбатында неліктен жары Алина мен 8 жастағы ұлы Вадимның өзі қатысқан жекпе-жектерге келмейтінін түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
«Өте көп эмоция, күйзеліс те көп. Мен ұлым үшін Джинн секілдімін. Егер ол сұмдық бір жекпе-жекті көретін болса... бұл ол үшін жақсы емес. Ол Санта-Моникада тұрады. Хоккейді, теннисті жақсы көреді. Тамағы жақсы, мұхит бар. Ол менен өзгеше», - деді Головкин.
Еске салайық, осыған дейін Головкин әйелі екеуі дүниеге тағы бір баланың келуін күтіп жүргендерін айтқан еді. Айта кетейік, Головкин – «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.