WBC Головкин-Альварес жекпе-жегі үшін дайындалған белбеуді көрсетті
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегі үшін арнайы дайындалған белбеуді таныстырды. Бұл туралы GGG-дің ВКонтактедегі ресми тобына сілтеме жасап, Baq.kz ақпарат агенттігі мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Канело» өткен жылы ұйыммен дауласып қалуына байланысты бұл белбеуге таласпайтынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да өтеді. Геннадий орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын қорғайды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или