Кук Головкиннің шарфын сыйға алды

Кук Головкиннің шарфын сыйға алды

Канадалық боксшы Брэндон Кук (18-0, 11 КО) қазақстандық жанкүйерлерден сыйлық алды.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат Исламмен жекпе-жек алдында Кук Астанада өткен Қазақстан – Черногория (0:3) матчына барған болатын.

Сол жақта ол жергілікті фанаттармен суретке түсіп, Қазақстан туының түсімен жасалған шарфты сыйға алған. Сол шарфтың бір жағында «Головкиннің командасы – GGG» деген жазу бар.

Айта кетейік, Ислам – Кук кездесуі 9 қыркүйекте Астанада өтеді. боксшылар WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарын сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или