«ALASH РRIDE – АСВ» турнирінің салмақ өлшеу рәсімі 8-ші қыркүйек күні өтеді

«ALASH РRIDE – АСВ» турнирінің салмақ өлшеу рәсімі 8-ші қыркүйек күні өтеді

Алматыда ел тарихындағы ең айтулы ММА турнирі - «ALASH РRIDE – АСВ» қатысушыларының салмақ өлшеу рәсімі өтеді. 

8 ҚЫРКҮЙЕК, 19:00-де, «MЕGA ALMA-ATA» ОСО-ның алдында (Розыбакиев көш. 289) ел тарихындағы ең айтулы ММА турнирі - «ALASH РRIDE – АСВ» қатысушыларының салмақ өлшеу және көз түйістіру рәсімі өтеді. Қазақстан, Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері өздерінің ақырғы дайындықтарын көрсетіп, қарсыластарымен алғаш рет бетпе-бет келеді. Кәсіпқой аралас жекпе-жек өнерінің бұл жәрмеңкесі келушінің көңілінен шықпақ!

«ALASH PRIDE – АСВ» - осы күздің ең елеулі ММА турнирі. Ұйымдастырушылар: «ALASH PRIDE" промоутерлік компаниясы, «АСВ» промоушені және қолдау көрсетуші АЛМАТЫ қаласының Әкімдігі. 9-қырүйекте өтетін кештің басты жекпе-жегі АРМАН «СҰҢҚАР» ОСПАНОВ пен бразилиялық ТЬЯГО «MANCHINHA» ЛУИС СИЛВА арасында.

Арман кәсіпқой аралас жекпе-жекте сегіз кездесу өткізіп, барлығында айқын жеңген. Оның қарсыласы ТьягоЛуис Силва (12-5) бразильдік джиу-джитсудан қара белбеу иегері және «Shooto Brasil» ұйымының әлем чемпионы. Сонымен қатар, Қазақстан атынан "Alash Pride FC" өкілдері – Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Бахтияр Несіпбек пен Игорь Свирид айқасқа түспек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или