«Әлем Барысын» жүзден аса мемлекет тікелей эфирден көре алады

«Әлем Барысын» жүзден аса мемлекет тікелей эфирден көре алады

8 қыркүйекте Астанада өтетін «Alem Barysy» жарысын жүзден аса мемлекет тікелей көрсетілімнен көре алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Әлемдік дәрежедегі чемпионатты тікелей эфирде«Qazaqstan», «Qazsport», түріктің «TRT Avaz», Ресейдің «Матч! Планета» және «БоксТВ» телеарналары көрсетпек. Ресейлік арналар арқылы чемпионатты ең кемі 50 елдің күрессүйер жанкүйерлері тамашалай алады.  Ал түріктің «TRT Avaz» арнасынан тікелей көрсетілім Таяу Шығыспен бірге, Еуропа елдеріне таралады. Еске сала кетсек, бүгін сағат 18:00-де Астанадағы «Mega Silk Way»ойын-сауық кешенінде «Alem Barysy» додасына қатысатын балуандардың салмақөлшеуімен бірге жеребе тарту рәсімі өтетін болды. Жарыс алдындағы рәсімгебарлық 43 балуан да келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или