Арман Оспанов ашық жаттығу өткізеді
7-ші қыркүйек күні, сағат 19:00 де, «Астана» алаңында «ALASH PRIDE FC» промоутерлік компаниясының өкілі Арман «Сұңқар» Оспанов ашық жаттығу өткізеді.
Естеріңізге сала кетсек, еліміздің ең үздік файтері қыркүйектің 9-ы, «ALMATY ARENA» спорт сарайында өтетін халықаралық «ALASH PRIDE – АСВ» турнирінде өнер көрсетеді.
Ашық жаттығудан кейін жанкүйерлер Арманнан қолтаңба алып, спортшымен фотоға түсе алады.
Айта кетейік, Арман Оспанов 9-шы қыркүйек күні бразилиялық Тьяго Сильвамен күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или