Айтжанов: Токиода бір емес 2-3 алтын аламыз
Бүгін тәңертең Астанаға Гамбургтегі бокстан әлем чемпионатына қатысқан боксшылар мен жаттықтырушылар құрамасы келді.
Естеріңізде болса, Германия жерінде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде еншілеген болатын.
Қазақтың батыр ұлдарын әуежайдан көптеген жанкүйерлер қошеметпен күтіп алды.
– Олимпиада ойындарынан соң Қазақстан құрамасы 70% өзгерді. Сол себепті біздің нәтижені үлкен жетістік деуге болады. Әлі де жасалатын жұмыс жетерлік. Токио олимпиадасында бір емес 2-3 алтын аламыз, – деді журналистерге Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағалу Айтжанов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или