Пакьяо Хорнмен Филиппинде жұдырықтасқысы келеді

Пакьяо Хорнмен Филиппинде жұдырықтасқысы келеді

Сегіз түрлі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо Филиппинде австралиялық Джефф Хорнға қарсы қарымта жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Бұл туралы филиппиндік боксшының өзі Вoxing247 сайтына берген сұхбатында айтты:

«Қарымта жекпе-жек Аустралияда өтпейді. Кездесуді Филиппинде өткізу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймын. Бұл жекпе-жек туризм жағынан біздің елге үлкен жақсы болар еді. Бізді қолдайтын достарымыз көп, оның ішінде туризмде де. Оның үстіне президенттің өзі бізді қолдап отыр.

Мансабымдағы соңғы жекпе-жек Филиппинде өткеннін қалаймын», — дейді Пакьяо.

Еске салайық, Мэнни Пакьяо мен Джефф Хорн арасындағы бірінші кездесу 2 шілде күні өткен еді. Ол кездесуде 12 раундтың қорытындысы бойынша Хорн төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, WBO белбеуін жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или