Боксшыларымыз елге оралды

Боксшыларымыз елге оралды

Қазақстанның ұлттық құрамасы Гамбургте өткен әлем чемпионатынан елге оралды.

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов бастаған қазақстандық делегация мінген ұшақ бүгін таңда Астанаға келіп қонды. Отандастарымыз әлем біріншілігінде ел қоржынына алты медаль салған болатын. Байрақты бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін әуежайда жанкүйерлер мен журналистер қарсы алды.

Айта кетсек, Германияда өткен турнирде Қайрат Ерәлиев (56 келіге дейін) чемпион атанған еді. Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін) мен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) «күміс» олжаласа, Жомарт Ержан (49 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін) және Василий Левит (91 келіге дейін) қола жүлдені қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или