Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатының финалында жеңілді

Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатының финалында жеңілді

Гамбургте өтіп жатқан Әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтуде.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұлов финалға дейінгі жекпе-жектерінді кілең мықтының бәрін жолынан тайдырып финалдық кездесуге шыққан болатын.

Ол финалға дейінгі кездесулерінде Австралия, Германия, Куба және Әзірбайжан елінің спортшыларын айқын басымдықпен жеңген.

Финалды Әбілханға украиналық Олександр Хижняк қарсылас атанды.

Финалға шыққан екі қарсылас та жеңіске лайық бокс көрсете алды. 

Кездесу қортындысында төрешілер бірауыздан жеңісті украиналық боксшыға берді. Осылай Әбілхан алғашқы қатысқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. 

Бұған дейін үш боксшымыз Әлем чемпионатының қола жілдегері атанса, Қайрат Ералиев қарсылас шақ келтірмей чемпион атанған.

Тағы бір боксшымыз аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев финалда әлем чемпионгы деген атаққа таласатын болады.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или