ӘЧ-2017. Бүгін финалда үш боксшымыз шығады
Бүгін бокстан Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының ақтық жекпе-жектері болады.
Финалда Қазақстанның үш боксшысы бар. Кездесулер кешке Астана уақытымен 22:00-де басталады.
56 келіде Қайрат Ералиев, 75 келіде Әбілхан Аманқұл және 91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қоңқабаев қолғап түйістіреді.
Әлем чемпиоатындағы финалдық жекпе-жектердің толық тізімі:
49 келіге дейін: Хоанис Архилагос (Куба) - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан);
52 келіге дейін: Йосвани Вейтия (Куба) - Жасурбек Латипов (Өзбекстан);
56 келіге дейін: Кайрат Ералиев - Дюк Раган (АҚШ);
60 келіге дейін: Ласаро Альварес (Куба) - Софьян Умиа (Франция);
64 келіге дейін: Икболжон Холдаров (Өзбекстан) - Энди Круз Гомез (Куба);
69 келіге дейін: Шахрам Гиясов (Узбекистан) - Роньель Иглесиас (Куба);
75 келіге дейін: Әбілхан Аманқұл - Александр Хижняк (Украина);
81 келіге дейін: Хулио Сесар ла Крус (Куба) - Джозеф Уорд (Ирландия);
91 келіге дейін: Евгений Тищенко (Ресей) - Эрисланди Савон (Куба);
91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев - Магомедрасул Меджидов (Әзірбайжан).