Жүсіпов пен Қоңқабаевтың кездесулері. Видео

Жүсіпов пен Қоңқабаевтың кездесулері. Видео

Немістің Гамбург қаласында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтті.

Әлем чемпионатының дебютанты Абылайхан Жүсіпов 1/2 финалда Азия чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері өзбекстандық Шахрам Гиясовқа жол беріп, қола медаль еншіледі.

Қамшыбек Қоңқабаев болса, әлем чемпионатының финалына сенімді өтті. Жартылай финалда ол камерундық Фоку Арсенді ұтты. Кездесу барысында африкалық боксшы екі рет нокдаун алды.

Айта кетейік, бұған дейін финалда Қайрат Ералиев пен Әбілхан Аманқұл өткен. Ал Жомарт Ержан мен Василий Левит қола жүлде еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или