Ералиев пен Аманқұлдың финалдағы қарсыластары кім

Ералиев пен Аманқұлдың финалдағы қарсыластары кім

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы финалистері анықталды. Қазақстандық боксшылар Қайрат Ералиев пен Әбілхан Аманқұл алтын медаль үшін таласады.

Қайрат Ералиевтің финалдағы қарсыласы – америкалық Дюк Раган. Ол 1/2 финалда Үндістан өкілі Гаурава Будхуриді 5:0 есебімен сенімді жеңді. Қайрат болса, англиялық Питер Макгрейлден айласын асырған болатын.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Әбілхан Аманқұл алтын медальді 22 жастағы украиналық Александр Хижнякпен сарапқа салады. Украиналық боксшы  жартылай финалда америкалық Трой Айслиді 4:1 есебімен ұтты. Әбілхан болса, Рио олимпиадасының қола жүлдегері Камран Шахсуварлыны жарыс жолынан шығарып тастады.

Айта кетейік, өкінішке қарай, Жомарт Ержан мен Василий Левит жартылай финалда сүрініп, қола медаль алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или