Жанқоштың алдағы кездесуге арналған промо-ролигі шықты
Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың, 9-қыркүйекте, Астана қаласындағы "Сарыарқа" велотрегінде өткізетін жекпе-жегі алдындағы жаңа промо-ролигі шықты.
Оның қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэ кәсіпқой бокста 25 кездесу өткізіп, 21 жекпе-жегінде жеңіске жеткен.
Жанқош Тұраров болса кәсіпқой рингте 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 кездесуінде отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірген.
Жанқош Тұраров пен Бруно Леонардо Ромэ арасындағы кездесу 10 раундтық болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или