Левит финалға шыға алмады

Левит финалға шыға алмады

Әуесқой бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтуде.

Бұған дейін шаршы алаңға шыққан үш қазақстандықтың екеуі финалға өтсе, Жомарт Ержан қола жүлдегер атанған болатын.

Бүгінгі бокс күнінің соңғы кездесулерін 81 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар аяқтады.

Аталған салмақта бірінші болып финалға ресейлік Евгений Тищенко  шықты. Ол жартылай финалда өзбек Санжар Тұрсыновты жеңді.

Екінші жартылай финалдық кездесу қазақстандық Василий Левит пен Эрисланди Савон арасында өтті.

Жанкүйерлердің басым көпшілігі финалда Тищенко мен Левит кездеседі деп болжаған. Алайда Левит жартылай финалдан аса алмады. Төрешілердің шешімі 3-2. Финалға Савон шықты. Левит - Әлем чемпинатының қола жүлдегері. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или