Мейуэзер – Макгрегор кездесуіне қанша трансляция сатылғаны белгілі
Кіші Флойд Мейуэзер мен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек ақылы трансляциялар сатылымы бойынша рекорд орнатқан.
Бұған дейінгі рекорд Мейуэзер мен Мэнни Пакьяо кездесуінде болған еді. Сол кезде кездесудің 4,6 миллион трансляциясы сатылған.
Ал Мейуэзер мен Макгрегор жекпе-жегіне 6,5 миллион трансляция сатылған. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт айтты. Бірақ кейін Уайттың осы ақпаратты айтқан видеосы әлеуметтік желілерден өшірілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или