Бақтияр Төлегенов: Головкиннен мықты боксшыны көрген емеспін

Бақтияр Төлегенов: Головкиннен мықты боксшыны көрген емеспін

Танымал қазақстандық боксшы Бақтияр Төлегенов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкиннің қаншалықты мықты боксшы екенін айтты. 

- Менің ойымша, Головкин - әлемдегі ең талантты әрі мықты боксшы. Маған оның еңбекқорлығы, тәртібі, мінезі ұнайды. Нағыз үлгі тұтар тұлға. Қазақстанда Головкиннің деңгейіндегі боксшы әлі туа қойған жоқ. 

Генаны бірінші рет көргенімде, оның өнеріне тәнтті болдым. Геннадий өте таза жұдырықтасады. Головкиннің Қазақстанда туып-өскенін мақтан етемін. 

- Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек туралы не ойлайсыз? 

- Геннадий жеңіске жетеді деген ойдамын. Егерде ол бастапқы екі раундта қарсыласының осал тұстарын тапса, кездесу мерзімінен бұрын аяқталады. Кері жағдайда жекпе-жек он екі раундқа созылып, төрешілер жеңісті Альвареске беруі мүмкін. 

- Еліміздегі басқа панчерлер Левит пен Әлімханұлы жайлы пікіріңіз қандай?

- Жәнібек - қазақтың батыры. Ол кез-келген боксшыны жеңе алады. Мен оған болашақта үлкен үміт артамын.

Василий болса өзінің мықтылығын дәлелдеуі қажет. Ол өте талантты боксшы. Егерде Левит Олимпиададағыдай жұдырықтасса, ол әлем чемпионатын жеңіп алады.

- Данияр Елеусіновтың әуесқой боксқа оралуы дұрыс шешім бе? 

- Данияр әуесқой боксқа арналған жігіт. Ол бабында болса, кез келген боксшыдан айласын асыра алады. 

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйектің 17-і, Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или