Қазақстандық боксшылардың алтауы жүлделі орынға ілікті
Гамбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуде.
Бүгін ширек финалдық кездесулер өтіп, жартылай финалға шыққан боксшылардың есімі белгілі болды.
Қазақстан намысын қорғап жатқан боксшылардың алтауы жартылай финалға шығып, кемінде Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Жеңіл салмақта ел намысын қорғап жатқан Жомарт Ержан ресейлік Василий Егоровты жеңіп жүлделі орынға ілікті. Ол жартылай финалда Куба боксшысы Хоанис Аргилагоспен кездесетін болады.
Қазақстан құрамасы қатарындағы тәжірибелі боксшылардың бірі Қайрат Ералиев та ширек финалдан сүрінбей өтті. Қайрат ширек финалдық кездесуде ринг қожайыны Омар Эль-Хагтан басым болды. Жартылай финалда Қайратты ұлыбританиялық Питер Макгрейл күтіп тұр.
Бүгінгі күннің басты сенсациясын 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Әбілхан Аманқұл жасады. Ол жартылай финалға Әлем және Олимпиада чемпионы Арлен Лопесті жібермеді. Ендігі жерде қазақстандық боксшыға финалға шығу үшін америкалық Трой Ислиді жеңу керек.
Көпшілік болжағандай жартылай финалға Василий Левит еш қиындықсыз шықты. Австралия елінің боксшысы Джейсон Уотели жерлесімізге еш қарсылық таныта алмады. Енді Левитті жартылай финалда куба қабыланы Эрисланди Савон күтіп тұр. Қай жеңгені ресейлік Евгений Тищенко мен өзбек Санжар Тұрсынов жекпе-жегінің жеңімпазымен финалда жолығатын болады. Бұл салмақта барлық бокс жанкүйерлері Рио олимпиадасының финалының қайталанғанын қалайтыны анық.
«Қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Венесуэла елінің өкілі Габриэль Маэстре Пересті жеңді.Жартылай финалда Абылайхан өзбек Шахрам Гиясовпен кездеседі.
Аса ауыр салмақта Дычко кәсіпқой боксқа кеткен соң Қазақстанның номері бірінші боксшысына айналған Қамшыбек Қоңқабаев өзіне артылған сенімді әзірге ақтап тұр. Қамшыбекке жүлделі орынға ілігу жолында өзбекстандық Баходүр Джалолов еш қарсылық көрсете алмады.
Өкінішке орай, 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ерік Әлжанов өзбекстандық Бектемір Меликузиевті жеңе алмады. Тең жағдайдай өткен кездесуде төрешілердің шешімімен Бектемір жеңіске жетті.
Жартылай финалдық жұптар:

