Жанат Жақиянов: Барнеттпен төрт жыл бұрын бірге жаттыққанбыз

Жанат Жақиянов: Барнеттпен төрт жыл бұрын бірге жаттыққанбыз

Аса жеңіл салмақ дәрежесінде WBA чемпионы қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов Prosports.kz тілшісіне алдағы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтып берді. 

- Жанат, алдағы жекпе-жегіңізге дайындығыңыз қалай өтуде? 

- Рахмет, бәрі жақсы. Келесі жекпе-жегімде IBF чемпионы британиялық Райан Барнеттпен кездесемін. Оны мен жақсы танимын, төрт жыл бұрын Рикки Хаттонның залында бірге жаттығып, спарринг өткізгенбіз. Бірақ бұдан бері біраз уақыт өтті, ол да, мен де боксшы ретінде өстім. 

- Сіз ұзақ уақыт бойы шаршы алаңға шықпадыңыз, бұл жайт Барнеттке қарсы кездесуге әсер етпей ме?

- Шамамен жарты жыл жұдырықтаспадым. Екі-үш ай демалдым, бірақ соған қарамастан жаттығу жұмыстарымды тоқтатқан жоқпын. Әзірге бәрі ойдағыдай өтуде. Қазір Англияның Манчестер қаласында жаттығып жүрмін. Бұйыртса, бәрі жақсы болады. 

- Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы кездесу туралы не ойлайсыз? 

- Исламның қарсыласын танымайды екенмін. Бірақ оның ешкімнен жеңілмегенін естідім. Сондықтан бұл тартысты жекпе-жек болмақ. Әрине, біз Қанатқа жанкүйер боламыз және оның жеңісін тілейміз. 

Естеріңізге сала кетсек, Жанат Жақиянов (27 - 1, 18КО) қазанның 21-і Белфаст қаласында британиялық Райан Барнеттпен (17 - 0, 9КО) күш сынасады. 

Жекпе-жектің ресми постері

Жекпе-жектің ресми постері

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или