ӘЧ. Екі боксшымыз жартылай финалда
Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан Жомарт Ержан мен Қайрат Ералиев қарсыластарынан басым түсіп, жартылай финалға шықты.
49 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан боксшымыз екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік Василий Егоровпен жұдырықтасқан болатын. Үш раунд бойы азулы қарсыласынан өзінің басымдығын дәлелдеген боксшымыз жартылай финалға жолдама алды.
Қайрат Ералиев (56 келі) ширек финалда неміс боксшысы Ел-Хаг Омармен кездесіп, оны жергілікті жанкүйерлер алдында жерге қаратты. Төрешілер шешімімен жеңіс қазақ боксшысына берілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или