«Alash Pride FC» клубының жауынгерлері ашық жаттығу өткізді

«Alash Pride FC» клубының жауынгерлері ашық жаттығу өткізді

Қыркүйектің 9-ы күні «Алматы Аренада» өтетін «ALASH PRIDE & ACB» турнирі алдында «Alash Pride FC» промоутерлік компаниясының жауынгерлері ашық жаттығуларын өткізді.

«Alash Pride FC» президенті Данияр Қасқаруовтың сөзінше бұл турнир Қазақстан тариxында бұрын-соңды болмаған.

- «Алматы Аренада» 12 мың жанкүйердің алдында жекпе-жекке шығу спортшылар үшін үлкен жауапкершілік. Осы ауқымды турнирді абыроймен ұйымдастыру біздің де промоутерлік компания үшін зор міндет, - деді ол.

Жекпе-жек кешінің басты кездесуі Арман «Сұңқар» Оспанов пен бразилиялық Тьяго Силва арасында өтеді. Сонымен қатар, осы күні қазақстандық Бахтияр «Туркпен» Несіпбек (ММА- 2-0-0), Асу «Зульфикар» Алмабаев (ММА- 4-2-0), Асылжан «Сак» Бахытжанұлы (ММА- 4-0-1), Евгений «Метис» Егембердиев (ММА- 6-0-0), Қаршыға «Беркут» Дауытбектер (ММА- 2-0-0) сегізбұрышқа шығады.

- Қазақстанда ММА спортына деген қызығушылығы артып келеді. Сол себепті «ALASH PRIDE - ACB» турниріне билеттердің бағасын қолжетімді етіп қойдық. Құны 2 мың теңгеден басталады. Жанкүйерлердің бұл ауқымды турнирден зор ләззат алып қайтарына күмән жоқ. Қазақстандық 7 файтерді қосқанда, АСВ промоушені өзінің мықтыларын сегізбұрышқа шығарып, жалпы 15 жұп сайысқа түспек.

Осы жекпе-жек кешінде сарбаздарымыз үмітімізді ақтайды деп ойлаймын, – дейді Данияр Қасқаруов.

- Сегізбұрышқа келетін болсақ, жұдырықтасу әдісін ұнатамын. Кәсіпқой спортта жеті жекпе-жек өткіздім. Оның алтауында жеңіске жетіп, біреуінде қарсыласыммен тең түстім.Таиланд еліндегі оқу-жаттығу жиындарында жүргенде жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алып, келісімімді берген едім. Жекпе-жекке дайындық жақсы. Қазіргі таңда бапкерім және көмекші жігіттермен бірге жаттығудамын. Кездесуге дайындық мәселесі бойынша соларға толық сенім артып отырмын. Жалпы, қарсыласым тәжірибелі. Кәсіпқой деңгейде 40-қа жуық жекпе-жек өткізген. Бұйырса, бұл жекпе-жек өзім үшін де үлкен сынақ болмақ. Себебі өз елімде өнер көрсетемін. Ел үмітін ақтап, жеңіске жетуге барымды саламын, - дейді Асылжан Бақытжанұлы.

Евгений Егембердиев қарсыласының қарымды екенін айтты:

- Тайландта өткізген оқу-жаттығу жиындары барлығымызға жақсы дәріс болғаны анық. Менің қарсыласым мансабымда кездестірген ең мықты файтерлердің бірі болмақ. Әдеттегідей өзіме қолайлы тұрып төбелесуге басымдық беремін. Партерде де оған лайықты тосқауыл қойып, тартысты белдесу өткізуге қауқарлымын деп айта аламын. Сегізбұрышқа тек жеңіс үшін шығамыз. Себебі, біз өз төрімізде жанкүйерлерді жерге қартпауға тиіспіз. Көңіл-күйім мен дайындығым жақсы жүріп жатыр. 9-қыркүйекте өтетін бұл жекпе-жек додасында «ALASH PRIDE - ACB» сарбаздары үлкен шоу сыйламақ xалыққа, - деді ол.

- Жаңа Евгений атап өткендей Тайланд еліндегі оқу-жаттығу жиындары бізді біраз шыңдады. Мен үшін «ALASH PRIDE - ACB» турнирі спортшылық жолымдағы ең үлкен жоба. Сол себепті тыңғылықты даярланып, қарсыласыма қарсы дұрыс тактика құру үшін көптеген зерттеу де жасадым. Жеңіліс дегенді білгім келмейді. Менің ойым 12 000 адамдық «Аматы Арена» төрінде жеңіске жетіп, елді қуанту. Мақсатым айқын, жоспарым тиянықты, құлшынысым зор. Бапкерлерім мен достарым барынша ақыл-кеңес айтуда. Аталмыш жекпе-жек кеші Асу Алмабаев үшін келесі бір ММА деңгейіне шығу деп білемін. Бұл мені тек жігерлендіре түседі, - Асу Алмабаев.

Бақтияр Несіпбек дайындық жұмыстарының қалай өткені жайлы және қарсыласы туралы айтып берді:

- Мен әлі атақты жекпе-жек өкілі емеспін. Дегенмен, жауынгер ұлттың өкілі ретінде нағыз айқасқа келгенде тайсалмаймын. Тайландтан күні кеше ғана елге келдік. Дайындық жұмыстары ойдағыдай өтті деуге толық болады. Қолмен және аяқпен соққы жасау әдістерін шыңдап, күреске де көп көңіл бөлдім ол жақта. Мен қарсыласыма нақты бір жоспар құрдым деп айта алмаймын. Бар білетінім ол өз дивизионындағы азулы жекпе-жек өкілі. Сондықтан, тәжірибеме сүйеніп, теxникалық мүмкіндіктерімнің барлығын сегізбұрышта паш етпекпін. Қазір елдегі ауа-райына аздап қайта бейімделген соң, Алматы қаласында дайындықты әрі жалғастырамыз. «ALASH PRIDE - ACB» xалықаралық турнирінде бізді қолдауға шақырамын!, - дейді «Туркпен».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или