Отгонцэцэг Галбадрах əлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты өтуде.
Бүгін сайысқа түскен жерлестеріміз Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев жарыс жолынан шыққанымен, 48 келіде ел намысын қорғап жүрген аруымыз - Отгонцэцэг Галбадрах сәтті өнер көрсетті.
Галбадрах алғашқы кездесуінде франциялық Франческа Миланиді ұтса, екінші айналымда украиналық Дарья Билодиданы тас-талқан етті. Ширек финалда отандасымыз изриальдік Ноа Мискерді тізе бүктіріп жартылай финалға шыққан еді. Алайда, жартылай финалда жапон қызы Тонаки Фунодан ұтылып қалды. Ал үшінші орын үшін белдесуде ресейлік спортшыны ұтты. Нәтижесінде, қазақстандық дзюдошы қола медальды қанжығасына байлады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или