Бүгін дзюдодан әлем біріншілігінің жалауы желбірейді
<span>Бүгін, 28 тамыз күні Будапештте дзюдодан Әлем чемпионаты басталады. </span>
<span>126 елден 731 дзюдошы қатысатын жылдың ең маңызды додасында Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғайды. Кеше Будапештте дзюдодан Әлем чемпионатының жеребесі тартылған болатын. </span>
<span>Бүгін Әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде ерлерден 60 кг, әйелдерден 48 кг салмақ дәрежесіндегі татами шеберлері бақтарын сынайды. Аталған екі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасынан 3 дзюдошы шығады. Олар: Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) және Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг). Жеребе бойынша Елдос Сметовтың алғашқы қарсыласы - Нэусо Сигаукие (Мозамбик), Ғұсман Қырғызбаев франциялық Ривол Кедрикпен кездеседі. Ал, Отгонцэцэг Галбадрах Әлем чемпионатын екінші айналымнан бастайды. Қарсыласы – Италия спортшысы Милани Франциска. </span>
<span>«Qazsport» телеарнасы дзюдодан Әлем Чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді. Трансляциялардың басталуы - 13:55 және 19:55-те. Естеріңізге сала кетсек, дзюдодан Әлем чемпионаты 28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл жарыста Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғамақ.</span>