Пуэрторикалық боксшы Мигель Котто (41-5, 33 КО) жыл соңына дейін спорттық карьерасын аяқтайды.
Бүгін АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында Котто жапон Йошихиро Камегаиды (27-4-2, 24 КО) жеңіп, бос тұрған WBO белбеуін иеленген болатын. Енді ол соңғы жекпе-жегін өткізбек.
«Мигель Котто соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізетінін мәлімдеді. Ол GGG -«Канело» кездесуінің жеңімпазын жекпе-жекке шақырып отыр», - деп жазды HBO және Fox Deportes комментаторы Рикардо Селис твиттердегі парақшасына.