Қазақстандық джитсер: Мэйвезер- Макгрегор бәсекесі ақша табу үшін жасалған
Қазақстандық спортшы, джиу-джитсер Альберт Алдияров бокстан 12 дүркін Әлем чемпионы кіші Флоид Мэйвезер мен ММА нұсқасы бойынша UFC чемпионы Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек туралы пікірін білдірді. Сондай-ақ спортшы ҚазАқпарат тілшісіне джиу-джитсу спортында қандай әдіс-айламен жеңуге болатынын айтты.
<span>Альберт Алдияров Азия чемпионатында 77 келі салмақ бойынша неваза-систем бөлімінде қола медаль иеленген болатын.</span>
<span>Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, джиу-джитсудан екінші дан иегерінің айтуынша, екі түрлі спорт саласының арасындағы жекпе-жектер тек ақша табу үшін ұйымдастырылады.</span>
<span>«Бұл жай ғана шоу. UFC чемпионы бола тұрып мен басқа спорт ережелері бойынша жұдырықтаспас едім. Бұл жерде тек Флойдтың атының арқасында көп ақша табу мақсаты ғана айқын. Флойдтың жеңісі де басынан белгілі болды. Макгрегор тек фантастикалық кинода ғана жеңетін еді», - деді Альберт Алдияров.</span>
<span>Айта кету керек, Мейвезер-Макгрегор жекпе-жегінде американдық боксшы 10 раундта жеңіске жеткен болатын.</span>