Жанқош Тұраров: МакГрегор Мейвезерге лайықты қарсылас емес
<span>Қазақстандық жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров ProSports тілшісіне берген сұхбатында </span><span>жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор мен бес салмақ бойынша бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жекке болжам жасады.</span>
- Әрине, бұл шоу. Аты да шулы. Аудиториясы кең. Өйткені бокстың да, ережесіз жекпе-жектің жанкүйерлері бұл кездесуді асыға күтіп жүр. Спорттан тыс адамдар да бұл жекпе-жектен хабардар. Сол үшін де қызық.
Негізі Конор МакГрегор Флойд Мейвезерге лайықты қарсылас емес. Не дегенмен, Мейвезер даңқты былғары қолғап шебері, - дейді Жанқош Тұраров ProSports тілшісіне берген сұхбатында.
Еске салайық, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу бүгін Лас-Вегастағы T-Mobile аrena спорт кешенінде өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 500 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.
Аталмыш жекпе-жек мына сілтемеден көре аласыз.