Жозе Моуринью: Түсімде Мэйуезер мен Макгрегордың жекпе-жегі төбелеспен аяқталыпты

Жозе Моуринью: Түсімде Мэйуезер мен Макгрегордың жекпе-жегі төбелеспен аяқталыпты

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуринью боксшы Флойд Мэйуезер мен ережесіз жекпе-жек шебері Конор Макгрегор арасындағы кездесуді күтіп жүр екен.

Мұны белгілі бапкер өзі айтты. The Sun басылымының хабары бойынша Моуринью былай деген:

«Түсімде ол жекпе-жек бокспен басталыпты да, аяғы басқаша болып кетіпті. Екеуі соңында өздерінің кім екенін шын төбелесте көрсетіпті.

Өкінішке орай, жекпе-жекті тікелей эфирде көре алмаймын. Болатын уақыты мен үшін тым кеш екен. Ұйықтауым керек. Ал таңертең міндетті түрде көрем».

Флойд Мэйуезер мен Конор Макгрегор жекпе-жегі Лас-Вегаста тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні болады. Жекпе-жек Қазақстанда 27 тамыз күні Астана уақытымен таңертеңгі 10-ға қарай басталады. «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или