Дуэйн «Жартас» Джонсон Мейвезер-Макгрегор жекпе-жегін жүргізеді

Дуэйн «Жартас» Джонсон Мейвезер-Макгрегор жекпе-жегін жүргізеді

Америкалық танымал кино актері Дуэйн Джонсон Лас-Вегаста өтетін Флойд Мейвезер мен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жекті жүргізеді, деп хабарлайды The Hollywood Reporter басылымы.

«Осы аптада Конормен хабарласқан болатынмын. Оның мақсаты айқын. Ол Мейвезер секілді тек қана әдемі көрініс көрсетіп қана қоймай, нағыз соғыстың рухын көрсеткісі келеді. Мықтысы жеңіске жетсін», — деп жазды «Жартас» лақап атымен танымал актер Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Флойд Мейвезер мен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек бүгін Лас-Вегас қаласында өтеді. Жекпе-жекті мына сілтемеден көре аласыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или