Ақжүрек Таңатаров - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Парижде өтіп жатқан күрес түрлерінен Әлем чемпионаты аяқталуға жақын.
Кеше және бүгін боз кілем көркін еркін күрес шеберлері қыздырған болатын. Өкінішке орай кеше боз кілемге шыққан жерлестеріміздің ешқайсысы жүлделі орынға іліне алмады.
Ал бүгін олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров финалға шыға алмағанмен қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік алған.
Ақжүрек Әлем чемпионатында алғашқы белдесуін үнді палуанымен өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Екінші айналымдағы Моңғолия елінің мақтанышы да Таңатаровтың алдынды тізе бүкті.
Ширек финалда жерлесіміз италиялық Франк Чамижомен кездесіп жеңіліп қалды. Чамизо финалғы шыққандықтан, Ақжүрек жұбаныш белдесуге қатысуға мүмкіндік алды.
Жұбаныш белдесуде өзбек мақтанышы Ихтиор Новрузовпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Дәл осы өзбек палуанын соңғы Азия чемпионатының финалында жеңген еді.
Үшінші орын үшін белдесуде түрік палуаны Якуп Гормен кездесті.
Кездесу барысында түрік палуаны басымдыққа ие болғанын, теке-тірес аяқталуға санаулы секундтар қалғанда Ақжүрек жеңісті жұлып алды. Осылайша Ақжүрек алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.