Фируза Шарипова - Әлем чемпионы
Астанада үлкен кәсіпқой бокс кеші мәресіне жетті. Елорда төрінде өткен бокс кешінің басты жекпе жегінде қазақстандық Фируза Шарипова өнер көрсетті.
Ол екінші орта салмақта чемпиондық атаққа таласта Милен Колеваны жеңді.
EXPO-2017 көрмесі аясында өткен бокс кешіндегі Шарипова – Колева кездесуі жоспарланған барлық он раундқа созылды.
Кездесу қортындысында төрешілердің барлығы жеңісті Фирузаға берді. Дәл осы жеңісінің арқасында Фируза WIBU және WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. Айта кетсек, Фируза дәл осындай атаққа қол жеткізіп отырған алғашқы қазақстандық қыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или