Америкада Мейуэзердің жеңісіне 320 мың доллар бәс тігілді
Америкалық кіші Флойд Мейуэзер мен ирландиялық онор Макгрегор жекпе-жегіне аз уақыт қалды. Кездесуге қызығушылық танытқандар көп болғандықтан, бәс те жиі тігіледі.
Америкадағы букмекерлік кеңселердің бірі Мейуэзердің жеңісіне 320 000 АҚШ долларын тіккен. Бұл жекпе-жектің бокс ережелері бойынша өтетінін ескерсек, Флойдтың айқын фаворит екені анық.
Еске сала кетсек, бокстан 12 дүркін әлем чемпионы американдық кіші Флойд Мейвезер мен жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ирландық Конор МакГрегор 69,8 келі салмақта боксы стилінде кездесу өткізбек. Бұл кездесуді «Хабар» арнасы ертең, яғни 27 тамыз күні таңғы сағат 8:00-де Лас-Вегастан тікелей эфирде көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или