Мейуэзер мен Макгрегордың сыйақылары белгілі болды

Мейуэзер мен Макгрегордың сыйақылары белгілі болды

Невада штатының атлетикалық комиссиясы Мейуэзер – Макгрегор жекпе-жегінің ресми сыйақыларын жариялады.

Бұл сомаға трансляция, билеттер мен кәдесыйлық тауарлар сатылымынан түсетін пайыздар қосылмаған.

Бокстан әлем чемпионы, әлі жеңілмеген Флойд Мейуэзер осы жекпе-жек үшін 100 миллион доллар алады. Ал UFC чемпионы Конор Макгрегор болса, кездесуден 30 миллион доллар пайда таппақ.

Айта кетейік, Мейуэзер – Макгрегор жекпе-жегі 27 тамызда Астана уақытымен 08:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или