Сондерс: Головкин Альваресті нокаутқа түсіреді деп үміттенемін

Сондерс: Головкин Альваресті нокаутқа түсіреді деп үміттенемін

Орта салмақта әлем чемпионы Билли Джо Сондерс IBF/IBO/WBA/WBC белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді қалайды.

«Головкин Альваресті нокаутқа түсіріп, артынша мен Геннадийдің көңіл-күйін түсіруге мүмкіндік аламын деп үміттенемін. Ішімде не бар екенін білемін. Бұл тағдыр», - деді британиялық боксшы.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекте өтеді. Сол күні Билли Джо Сондерс америкалық кіші Вилли Монромен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или