Фируза Шарипова жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізді

Фируза Шарипова жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізді

Бүгін кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова ЭКСПО-2017 көрмесінің Ұлттық күн сахнасында ашық жаттығу өткіздіБұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова болгар боксшысы МиленаКолеваға қарсы кездесу қарсаңында Ұлттық күн сахнасында ашық жаттығу өткізіп, жанкүйерлеріне өз дайындығын көрсетті. Жаттығу соңында спортшы қыз жанкүйерлері мен көрме қонақтарына қолтаңба берді.

Еске сала кетейік, кездесу 26 тамызда ЭКСПО-2017 көрмесінің Амфитеатр сахнасында өтеді. Фируза Шарипова ертеңгі кездесуде жеңіл салмақтағыWIBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына таласады.

Айта кетейік, 22 жастағы Фируза осы уақытқа дейін 7 кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или