Жақиянов пен Барнетт кездесуінің ең арзан билеті – 14850 теңге

Жақиянов пен Барнетт кездесуінің ең арзан билеті – 14850 теңге

21 қазанда Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында WBA (Super) белбеуінің иегері, қазақстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) пен IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, солтүстікирландиялық Район Барнетт (17-0, 9 КО) жекпе-жек өткізеді.

The SSE Arena-да өтетін бокс кешінің билеттері 30 тамызда сатыла бастайды. Билеттердің ең арзаны 14 850 теңге. Ал ең қымбатын 67 500 теңгеге сатып алуға болады.

Билеттердің бағалық дәрежелері: 33 фунт (14 850 теңге), 44 фунт (19 800 теңге), 65 фунт (29 250 теңге), 105 фунт (47 250 теңге), ал VIP-билеттері 150 фунттан (67 500 теңге).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или