Сондерс: Головкин Альваресті нокаутпен жеңеді деп ойлаймын
Британиялық Билли Джо Сондерс алдағы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы ойын айтты.
Сондай-ақ, Сондерс өзінің келесі қарсыласы кіші Вилли Монро туралы да сөз қозғады.
«Мен қазір керемет бабымдамын. Ал Монро болса, кездесуге әлі дайын емес. Сондықтан да мен оның тас-талқанын шығарамын. Мен – нағыз жауынгермін. Ал Монро – қорқақ. Монрода өзінің және отбасының жағдайын түзейтін мүмкіндік болды (Головкинмен өткен кездесуде). Бірақ ол бұл мүмкіндікті пайдала алған жоқ. Себебі, ол – қорқақ. Менімен тең дәрежеде жұдырқтасатын деңгейде емес.
Ал Головкин - Канело кездесуінде GGG нокаутпен жеңеді деп ойлаймын. Артынша менің GGG-мен жекпе-жек өткізетін мүмкіндігім туады», - деді Сондерс. <br />Айта кетейік, бұл екі кездесу де 16 қыркүйек күні өтеді. Сондерс өз белбеуін Лондонда қорғаса, Головкин – Канело кездесуі Лас-Вегаста өтеді.