Брендан Роджерс: «Астана» бүгін керемет ойын өткізді

Брендан Роджерс: «Астана» бүгін керемет ойын өткізді

Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі аясында өткен «Астанаға» қарсы қарымта кездесуден соң «Селтиктің» бас бапкері Брендон Роджерстің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Айта кетсек, Глазгодағы алғашқы матчта Станимир Стойлов командасы алаң иелеріне қауқары жетпеді. Шотландиялықтар елордалық ұжымның қақпасына бес бірдей жауапсыз гол соққан. Ал қарымта кездесу 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Қос ойынның нәтижесі бойынша «Селтик» Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

- «Астана» бүгін керемет ойын өткізді. Шабуылдары қауіпті болды. Олар бірінші голды кездейсоқ соқты. Дегенмен екінші гол әдемі болды. «Астана» командасының ойыншылары алғашқы кездесудегі есепке қарамастан жігерлік танытты. Матч тағдырын біздің екінші гол шешті деп ойлаймын. Бұл голдан соң футболшыларымыз тынышталып, өз ойынын көрсете бастады. «Астананың» бүгінгі көрсеткен ойыны - құрметке тұрарлық.

- Есеп 4:1 болып тұрғанда командаңыз келесі кезеңге өтпей қалады деп қорықпадыңыз ба?

- Біз келесі кезеңге өтетінімізге күмән келтірмедік. Алғашқы жиырма минутта осындай оймен ойнаған едік. Алайда «Астананың» ойыншылары біраз абдыратты. Дегенмен екінші және үшінші голымызды соққан соң қорқынышымыз сейілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или