Футбол

Статистика бұзылмады. «Астана» - Еуропа Лигасында

Статистика бұзылмады. «Астана» - Еуропа Лигасында
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі аясындағы «Астана» мен «Селтик» арасындағы қарымта кездесу елордада өтті.

Глазгодағы алғашқы матчта Станимир Стойлов командасы алаң иелеріне қауқары жетпеді. Шотландиялықтар елордалық ұжымның қақпасына бес бірдей жауапсыз гол соққан.

Алғашқы он минутта қос команда бір-бірінің қарымын байқап көрді. Он минуттық аяқталуға жақын тұста Патрик Твумаси айып алаңының сыртынан жойқын соққы жасап, бағын сынап көрген. Алайда Патриктің тепкен добы бағанадан сәл ғана қиыс кетті. Бірер минуттан соң алаң ортасында қарсыласымен соқтығысып қалған Ласло Кляйнхайслер орнын Срджан Граховацқа босатты.

27-ші минутта сол қапталмен шабуылға шыққан Дмитрий Шомко қақпа маңына пас асырған, алайда жарты жолда «Селтиктің» қорғаушысының аяғына тиіп барып қақпаға дөп түсті. Дегенмен араға 8 минут өткен қонақтар таразы басын теңестіріп кетті. Синклер «Астананың» бірнеше қорғаушыларын оңай өтіп, қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді.

Екінші таймды Станимир Стойловтың командасы ширақ бастады. Алаңға шыға салысымен шабуылға шыққан алаң иелері есепте алға шыққан. Ортада пас алған Серікжан Мужиков «Селтиктің» қақпашысы Крейг Гордоннан айласын асырды. Көзді ашып-жұмғанша әріптесі асырған допты Патрик Твумаси голға айналдырды. Арада тура 20 минут өткенде Патрик Твумаси оң қапталдан жасаған шабуылында гол соғып, дубль авторы атанды. Қонақтардың 30 метрден қауіпті айыпдобын Ненад Эрич керемет қайтара білді. Қарымта шабуылда Патрик Твумаси тағы да Крейг Гордонның мазасын алды. «Астананың» шабуылшысы тепкен доп «Селтиктің» қорғаушысының аяғына тиіп, қақпаға беттеді. Дегенмен Гордон қиындықпен болсын допты қағып алды. Ойынның аяқталуына он минуттай уақыт қалғанда қонақтар сапынан Оливер Нчам есепті айырманы екі голға дейін қысқартты. 90-шы минутта Ли Гриффитс Ненад Эрич қорғаған қақпаның алыс бұрышын дәл көздеп, есепті 4:3-ке жеткізді.

Осылайша, Станимир Стойлов өз алаңында жеңіске жеткенімен, қос кездесудің нәтижесі бойынша Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне бір қадам жетпей тоқтады. Алда Еуропа Лигасының топтық кезеңі.

Чемпиондар Лигасы. Плей-офф. Қарымта ойын

«Астана» (Қазақстан) - «Селтик» (Шотландия) 4:3

Голдар: 27’ Критоффер Айер, 48‘ Серікжан Мужиков, 49’, 69’ Патрик Твумаси – 34 Скот Синклер , 80‘ Оливер Нчам

«Астана»: Ненад Эрич (капитан) - Марин Аничич, Евгений Постников, Игорь Шитов, Дмитрий Шомко - Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Марин Томасов, Серікжан Мужиков - Патрик Твумаси, Жуниор Кабананга.

Қосалқы құрам: Александр Мокин, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков, Берік Шаихов, Сергей Малый, Срджан Граховац, Асхат Тағыберген, Роман Муртазаев.

«Селтик»: Крейг Гордон - Нир Биттон, Кристоффер Айер, Микаэль Лустиг, Киран Тирни - Скотт Браун (капитан), Оливер Нчам, Каллум Макгрегор, Скотт Синклер, Джеймс Форрест - Ли Гриффитс.

Қосалқы құрам: Дорус де Вриз, Кристиан Гамбоа, Стюарт Армстронг, Джонни Хейз, Томас Рогич, Энтони Рэлстон, Келвин Миллер.

22.08.2017 жыл. «Астана Арена» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер