Мейрамбек Айнағұлов - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Мейрамбек Айнағұлов - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Парижде жалауы желбіреген күрес түрлерінен Әлем чемпионаты қазақстандықтар үшін сәтті өтуде.

Бүгін боз кілемге шыққан 59 келі салмақтағы Мейрамбек Айнағұлов қарсыласының бәрін қоғадай жапырып финалға жолдама алған.

Мейрамбек алғашқы белдесуінде мысырлық Мұстафа Мұхаммедті 4:1 есебімен жеңді.<br />1/8 финалда индонезиялық Жианендер Жианендер отандасымызға қарсы еш шара жасай алмады.

Ширек финалда Мейрамбек украиналық Дмитро Цымбалюкті оңай жеңді.

Жартылай финалда кореялық Ким Сион Хак та Мейрамбектің мықтылығын мойындады.

Финалдық белдесуде қазақстандық палуан Жапония елінің мақтанышы Кеничиро Фумитамен кездесті.

Ақтық бәсекеде қос палуан да тәуекелге бармай, тактикалық күрес көрсетті. Нәтижесінде соңғы Азия чемпионатының есебі қайталанып, Кеничиро Фумита Әлем чемпионы атанды. 

Он тоғыз жыл күткен Әлем чемпионатының алтыны Мейрамбекке де бұйырмады. 

Естеріңізге салсақ, кеше тағы бір отандасымыз Демеу Жадыраев та финалдық бәсекеде қарсыласына есе жіберген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или