Қазақстандық дзюдошы Бекәділ Шаймерденов Тайбэй елінде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында қола медальді жеңіп алды.
75 келіде қола жүлде үшін болған белдесуде Бекәділ Шаймерденов Тунис елінің дзюдошысы Ред Бугеруадан басым түсті.
<span>Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық суға жүзуші Дмитрий Баландин мен ауыр атлет Арли Чонтей қола жүлдені иеленсе, Альберт Линдер мен Айдар Қазов ауыр атлетикадан Универсиада чемпионы атанды.</span>