Универсиада ойындарындағы Қазақстан жеңіл атлеттерінің күнтізбесі
«Астана» - «Селтик» матчында чехиялық төреші жұмыс істейді
Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф кезең аясында өтетін «Астана» мен шотландиялық «Селтик» арасындағы матчта чехиялық төреші қазылық етеді.
Ойынның бас төрешісі болып чехиялық Павел Краловец тағайындалды. Ал оған отандасы Иво Надворник пен словакиялық маман Роман Слишко көмектесетін болады.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласында жергілікті уақытпен 21:30-да Станимир Стойловтың командасы шотландиялық клубпен күш сынасады. Алғашқы матчта елордалық ұжым 5:0 есебімен ұтылып қалған.

Астана марафонына 700 құқық қорғау органының қызметкері тартылады
27 тамызда Астанада өтетін ШЫҰ және АӨСШК халықаралық марафоны кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 700 құқық қорғау қызметкері тартылады. Бұл туралы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Елжан Шүпеков мәлім етті.

– Біз марафон кезінде жол қауіпсіздігін жабу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге толық дайынбыз. Халықаралық марафонның барлық маршрутына жалпы саны 700 адам жұмылдырылады. Әрбір пунктте біздің қызметкерлер тұрып, өз міндеттерін атқарады. Спорттық шара өтетін аймақтардың жолдары уақытша жабылады. Марафонға қоғамдық көліктермен барған дұрыс, – дейді Елжан Шүпеков.

Айта кетейік, марафонды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым. Одан бөлек, ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген.

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

«Ақтөбе» жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізеді
Ертең «Ақтөбе» командасы жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

23 тамыз күні «Мұнайшы» стадионында команданың жаттығуы өтеді. Сағат 18:00 ден бастап барлық жанкүйерлер үшін есік ашық болады.

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын 23 тамыз күні Талғардағы ұлттық құраманың базасында бастайды. 27 тамыз күні Словенияға жол тартады. Ол жақта 29 және 31 тамыз күндері Словения U19 құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.
1 қыркүйек күні біздің футболшылар Польшаға барады. Варшавада оқу-жаттығу жиыны 5 қыркүйекке дейін созылады. Польша U19 құрамасымен кездесу 4 қыркүйекке жоспарланған.
Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі:
Қақпашылар: Владислав Сазонов («Ертіс»), Данил Устименко («Қайрат»);
Қорғаушылар: Айбар Нұрдалиев («Қайрат»), Дінмұхаммед Қашкен («Астана»), Кусяпов Талғат («Астана»), Ерасыл Аманжол («Атырау»), Санжар Батырханов («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Әліби Тұзақбаев («Рузаевка»);
Жартылай қорғаушылар: Дарын Сүйінов («Қайрат»), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Сұлтан Сағнаев («Астана»), Гаврил Кан («Тараз»), Мұхит Жақсылық («Ордабасы»), Айдос Орал («Шахтер»), Жан-Әли Пайруз («Шахтер»), Максим Ваганов («Ордабасы»), Қалыбаев Диас (UNIÓ FB JÀBAC TERRASSA, Испания);
Шабуылшылар: Сұлтанбек Астанов («Қайрат»), Владислав Прокопенко («Астана»), Лев Скворцов («Астана»);
Жаттықтырушылар штабы: аға жаттықтырушы – Александр Кузнецов, аға жаттықтырушының көмекшісі – Игорь Маштаков, қақпашылардың жаттықтырушысы – Ерлан Тілеуқұлов, дәрігер – Ғалилбай Ахметов, массажист - Сергей Евдощенко, әкімші – Владимир Горячий, менеджер - Дінмұхамед Оралов.

Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі, ақсулық Әміре Бағұстар елордалық этноауылда өткен «Тас көтеру» жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Зілдей ауыр тасты көтеру үшін еліміздің әр түкпірінен қара күш иелері жиналды. Ересек азаматтар бағындыра алмаған ауыр тасты 19 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны көтеріп алды.
- Мен бұл тасты көтеретініме толық сенімді болдым. Бастысы, тасты дұрыс ұстап, техниканы дұрыс жасау, - деді жеңімпаз.
Айта кетейік, салмағы 300 келідей болатын тасты Астанаға Баянауыл даласынан алып келген. Дәл осы жерде атақты балуан Қажымұқан тасты қолында ұстап, қара күш иесі екендігін дәлелдеген.
- Біз мұндай жарыстарды қазақ елін әлемге танытқан рухты батырларымызыға құрмет көрсету мақсатында өткіземіз. Осындай жарыс үшінші рет өткізіліп отыр, алайда тасты жерден көтере алған адам биыл ғана анықталды, - дейді Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев.
Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жеңімпазды құттықтап, Әміре Бағұстарға жаңа теледидарды сыйға тартты.