Парижде күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды.
Бүгін жарыс жолына грек-рим күрес шеберлері шықты. Нақтырақ айтсақ, 71, 75, 85, 98 келі салмақтағы балуандар медальдарды сарапқа салды.
Айта кететін жайт, 75, 85, 98 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Мақсат Ережепов, Азамат Құстыбаев, Ерұлан Искаковтар жарыс жолынан шығып қалса, 71 келідегі Демеу Жадыраев азулы қарсыластарын тізе бүктіріп финалға шықты.
Демеу алғашқы кездесуінде норвегиялық Питер Карлсеннан басым түсіп, екінші айналымда ресейлік Адам Куракты тізе бүктірді. Ал ширек финалда қырғыз балуаны Нурғазы Асангуловты ұтса, жартылай финалда қазіргі әлем чемпионы венгриялық Балинт Корпасидан айласын асырып, финалға жолдама алды.
Ақтық бәсекеде жерлесіміз германиялық Франк Штеблерден 8:3 есебімен ұтылып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Париж. Әлем чемпионаты. Грек-рим күресі.
1.<span> </span>Франк Штеблер (Германия) 2. Демеу Жадыраев (Қазақстан)<span> </span>3. Балинт Корпаси (Венгрия) 3. Мухамадали Абдулхамит Гераи (Иран)