Мақсат Ережепов, Азамат Құстыбаев, Ерұлан Искаковтар жарыс жолынан шығып қалды
Парижде күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды.
Бүгін жарыс жолына грек-рим күрес шеберлері шықты. Нақтырақ айтсақ, 71, 75, 85, 98 келі салмақтағы балуандар медальдарды сарапқа салды.
Өкінішке қарай, 75, 85, 98 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Мақсат Ережепов, Азамат Құстыбаев, Ерұлан Искаковтар жарыс жолынан шығып қалды.
Естеріңізге салайық, 71 келідегі Демеу Жадыраев азулы қарсыластарын тізе бүктіріп финалға шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или