«Сұңқардың» қарсыласы анықталды

«Сұңқардың» қарсыласы анықталды

«ALASH PRIDE» клубы АСВ промоушенімен бірлесе отырып, 9-қыркүйекте аралас жекпе-жектен үлкен халықаралық «АСВ-69» турнирін өткізеді.  Турнирдің басты жекпе-жегінде өнер көрсететін Арман «Сұңқар» Оспановтың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды «ALASH PRIDE» клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшалары. 

 Оның қарсыласы – бразилиялық Тьяго Луис Бонифасио Силва. Тьяго Рио-де-Жанейро қаласында дүниеге келген.

Ол Shooto Brasil ұйымының чемпионы саналады. Тьяго Луис Бонифасио соңғы жекпе-жегін 28 мамырда өткізді. Сол кезде Филипе Жезушты қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері.

Естеріңізге салайық, ACB 69 турнирі 9 қыркүйекте «Алматы арена» кешенінде өтеді.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или