Оралда самбодан халықаралық турнир өтті

Оралда самбодан халықаралық турнир өтті

Оралда халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО чемпионы және Әлем Кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Самбо және  әскери самбо сайысына Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және еліміздің бірнеше облысынан 23 жасқа дейінгі 150 спортшы қатысты. Жекелей сында 52 келіде күрескен оралдық Армат Қабдолов бәрінен басым түсті. 62 келіде ақтөбелік Жеңіс Қалабай жеңіске жетсе, 74 келі салмақ бойынша шығысқазақстандық Төлеген Нұрғалиевтің бағы жанды. 82 келіде  Атыраулық Дәурен Болатбекұлы, 90 келіде  ақтөбелік Еламан Қойшыбаев, ал 100 келі салмақта оралдық Темірлан Көлбай секілді спортшылардың мерейі үстем болды. Алтыннан алқа таққан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Ал оралдық спортшы Ерасыл Бақыт жүлдеге тігілген сәйгүлікті олжалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или