Нұрберген Шәріпов «Tech-Krep FC» чемпиондық белдігін жеңіп алды

Нұрберген Шәріпов «Tech-Krep FC» чемпиондық белдігін жеңіп алды

Ресейдің Краснодар қаласында өтіп жатқан аралас жекпе-жектен «Tech-Krep FC: Prime Selection 16» турнирінде 61,2 келідегі гран-при бәйгесінің чемпионы анықталды.

Ұрыс алаңында «Alem Fighters» клубының майталманы Нұрберген Шарипов пен ресейлік сайыпқыран Асланбек Каров жұдырық түйістірді. Жекпе-жектің 3-ші раундында Нұрберген үшбұрыш әдісін қолданып, қарсыласын берілуге мәжбүр етті.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или